Желілік агенттің ескертулері оқиғалары

Төмендегі кестеде Ескерту маңыздылық деңгейі бар желілік агент оқиғалары келтірілген.

Бағдарлама жасай алатын әрбір оқиға үшін, бағдарлама саясаты сипаттарындағы Оқиғаны конфигурациялау қойындысында хабарландыру параметрлерін және сақтау параметрлерін көрсетуге болады. Барлық оқиғалар үшін хабарландыру параметрлерін бірден конфигурациялау қажет болса, Басқару сервері сипаттарында жалпы хабарландыру параметрлерін конфигурациялаңыз.

Желілік агенттің ескертулері оқиғалары

Оқиға түрінің көрсетілетін атауы

Оқиға түрі идентификаторы

Оқиға түрі

Сипаттамасы

Әдепкі бойынша сақтау мерзімі

Инцидент орын алды

549

GNRL_EV_APP_INCIDENT_OCCURED

Бұл түрдегі оқиғалар құрылғыда оқыс оқиға анықталған кезде орын алады. Мысалы, бұл оқиға құрылғыдағы дискіде кеңістік аз болған кезде орын алады.

30 күн

KSN Проксиі іске қосылды. KSN қолжетімділігін тексеру сәтсіз аяқталды

7718

KSNPROXY_STARTED_CON_CHK_FAILED

Бұл түрдегі оқиғалар конфигурацияланған KSN прокси-сервері үшін сынақ қосылымы сәтсіз болғанда орын алады.

30 күн

Үшінші тарап бағдарламалық жасақтаманың жаңартуын орнату кейінге қалдырылды

7698

KLNAG_EV_3P_PATCH_INSTALL_SLIPPED

Мысалы, бұл оқиға түрі үшінші тарап бағдарламаларының жаңартуларын орнатуға арналған Лицензиялық келісім қабылданбаған кезде орын алады.

30 күн

Үшінші тарап бағдарламалық жасақтаманың жаңартуын орнату ескертумен аяқталды

7696

KLNAG_EV_3P_PATCH_INSTALL_WARNING

Трассирлеу файлдарын жүктеп алыңыз және KLRI_PATCH_RES_DESC өрісінің мәнін тексеріңіз.

30 күн

Бағдарламалық модуль жаңартуын орнату кезінде ескерту пайда болды

7701

KLNAG_EV_PATCH_INSTALL_WARNING

Трассирлеу файлдарын жүктеп алыңыз және KLRI_PATCH_RES_DESC өрісінің мәнін тексеріңіз.

30 күн

Сондай-ақ, қараңыз:

Желілік агенттің ақпараттық оқиғалары

Басына оралу